Жаңарған Бейбітшілік аралы
Семейдегі қоғамдық кеңістіктер, саябақтар, демалыс орындарының кейпі көз тартады. Қазір қала тұрғындарының сейіл құрып, серуендеуіне, бір мезгіл тынығуына бар мүмкіндіктер жасалуда. Семейліктер ең көп баратын жердің бірі - Бейбітшілік аралы. Қайта жаңғыртудан өткен аралдың келбеті айтарлықтай жаңарған. Оның үстіне жуырда ғана «Абайға құрмет» акциясымен ашылған Рәміздер алаңы Бейбітшілік аралының ажарын аша түскендей.