Студенттерге жатақхана жеткілікті ме?
Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Қазір студенттер жатақханаға орналасып жатыр. Әсіресе басқа өңірден келген жастар үшін бұл - оқу басталғанға дейін шешілуі тиіс негізгі мәселенің бірі. Абай облысындағы ахуал қандай екенін білу үшін өңірдегі жоғары оқу орындарының біріне барып, жағдайды біліп қайттық.