46 отбасы Абай ауданына қоныстанды
Облыс әкімінің бастамасымен «Қаладан-ауылға» бағдарламасы бойынша Абай ауданына 46 отбасы көшкен. Қоныс аударушылар қатары әлі де толығып келеді. Қаладан ауылға қоныс аударғандардың арасында өз кәсібін дамытуды көздегендер де, ауылда тұрақты жұмыс істеуге ниетті азаматтар да бар. Осындай мақсатпен Семейден Абай ауданына қоныс аударғандардың бірі – Нұржан Жұмаділов.