Семейде жыр сайысының жартылай финалы өтті
Семейде республикалық «Мөлдір өлең» жобасының жартылай финалы өтті. Шығармашылық сайыста Абай облысы мен Алматы қаласының құрамалары бақ сынады. Кеш бойы жас ақындар суырыпсалмалық пен көркем сөздің шеберлігін танытып, көрерменге әсерлі жыр тарту етті.