Абай тоқтаған үй
1997 жылы музей ретінде ашылған Семейдегі Әнияр Молдабаевтың үйі - елдегі тұңғыш әдеби мұражай. Ұлы Абайдың пәуескесі мен ат шанасы талай тоқтаған бұл шаңырақ кейін Алаш арыстарының бас қосатын орталығына айналған. Абай күні қарсаңында қазыналы қоныстың тарихы таныстырылып, баспасөз туры ұйымдастырылды