Абай облысында әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті
Абай облысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға Кеңес мүшелерімен қатар қала және аудан әкімдерінің әдеп жөніндегі уәкілдері мен кадр қызметтерінің басшылары онлайн форматта қатысты. Күн тәртібінде құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы мәселелер қаралды. Отырыста Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, облыс әкімі аппаратының, Абай және Жарма аудандарының әдеп жөніндегі уәкілдері есеп берді. Бұдан бөлек, қатысушылар өңірдегі мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының 2026 жылдың екінші тоқсанындағы қызметіне жүргізілген талдау қорытындыларын талқылады. Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуге бағытталған нақты шешімдер қабылданды. Сондай-ақ кеңесте қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар берді.