Биыл облыс бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына 20 млрд теңгеден аса қаражат қарастырылған. Сондай-ақ, көпір құрылысына байланысты бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылмақ. Қоғамдық көлік мәселесі бойынша да жоспар көп. Қазірдің өзінде облыста ауданаралық 5 автобус қатынайды. Осы және өзге де мәселелер Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.