Қазіргі адамның бүкіл өмірі қалтасындағы бір ғана құрылғыға байланғандай. Онда сыр да бар, жеке әңгіме де, өзімізге ғана тиесілі кеңістік те сақтаулы. Бірақ санамызды жаулап алған сол экран шынайы сезімдерден қымбат па? Абай атындағы театр сахнасында көрерменге осы сауалды алға тартатын комедиялық қойылымның тұсауы кесілді. Спектакль күнделікті смартфонға тәуелді әдеттерімізге күле отырып, ой жүгіртуге жетелейді.