2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 25,8 мың отбасындағы 138 мыңнан астам адамға 2,3 млрд теңге сомасында тағайындалды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған. Атауыл әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты — ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. Қазір қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ Электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.