Негізгі Жаңалықтар Облыста жүрек диагностикасының жаңа әдісі енгізілді

Облыста жүрек диагностикасының жаңа әдісі енгізілді

Абай облысында алғаш рет Ядролық медицина және онкология орталығында жүрек-қантамыр ауруларын заманауи, жоғары дәлдікпен анықтайтын әдіс енгізілді. Ақпан айының басынан бастап радионуклидтік диагностика бөлімінде кардиосцинтиграфия жүргізіледі. Бұл тәсіл жүрек бұлшықетінің қанмен қамтамасыз етілуін және оның функционалдық жағдайын жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді. 

Бөлісу