Адам құқықтары мен бостандығы - мемлекеттің басты құндылығы. Жарияланған жаңа Конституция жобасының преамбуласында бұл қағидат алғаш рет негізгі мемлекеттік басымдық ретінде анық көрсетілген. Бұл ұстаным құжаттың бүкіл мазмұнынан көрініс табады. Жаңа Ата заң жобасында мыңжылдық тарихтың сабақтастығына ерекше мән берілген. Қарастырылған басты өзгерістер жайлы ғылыми қауымдастық өкілдері де оң көзқараста.