Водный кентінде көптен күткен спорт кешені ел игілігіне берілді. Құны 800 миллион теңге болатын заманауи нысан небәрі тоғыз айдың ішінде бой көтеріп, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.