Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы ел тарихындағы аса маңызды әрі тағдырлы кезеңнің бастауы болып отыр. Ата заң мәтінінің 84% жаңартылған, 77 бапқа түзету енгізілген. Жаңа редакцияның басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация айқындалды. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсеткен.