Абай облысының әкімі Берік Уәли Токиода өткен XXV Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегерлері – дзюдошылар Алтынбек Кәкітаев пен Айым Жетпісбаеваны, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларын қабылдады. Аймақ басшысы ел абыройын асқақтатқан спортшылардың табыстарын атап өтіп, облыс тұрғындарының атынан алғысын жеткізді. Сондай-ақ чемпиондар мен бапкерлеріне алғыс хат пен арнайы сертификаттар табыстады. Берік Уәли жастардың талабы өңір спортын дамытуға серпін беретінін атап өтіп, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруға тілектес екенін айтты.