Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли Қазақстан Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Абай облысы құрылғанда бюджет көлемі 251,3 млрд. теңге болса, Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауымен қазір 2 есеге өсіп отыр. Облыс бюджетінің көлемі биыл 500 млрд. теңгеден асты.