Ақсуат ауданының Көкжыра ауылында елге еңбегі сіңген, ішкі істер саласының майталманы, полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты Дәлелхан Сабуровты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Волейболдан дәстүрлі дода он бесінші мәрте ұйымдастырылды.