ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Абай облысында болды. Бесқарағай ауданындағы Башкөл негізгі мектебінің жұмысымен танысып, педагогтердің ұсыныстарын тыңдады. Білім беру ұйымының инфрақұрылымы, оқу сапасы және мамандармен қамту мәселелеріне мән берді.