Семейде заңсыз салынған тұрғын үй кешендерін заңдастыру жалғасып жатыр. Облыс басшылығы үйге ақша салған үлескерлердің мүддесін қорғау мақсатында түйіткілді тарқату жолдарын іздестіруде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.