Төтенше жағдайлар қызметінде еңбек ету жауапкершілікті талап етеді. Мамандар тәулік бойы кезекшілік атқарып, түрлі оқиғалардың алдын алуға және салдарын жоюға атсалысады. Шапшаңдық, жылдам шешім қабылдау сала мамандарына тән қасиет. Солардың бірі ТЖД өрт сөндіру қызметі қызметкері Бауыржан Ағбатұлы.