Семейде үшінші жылу орталығын салуға дайындық жүріп жатыр. Бұл нысан қаланы жылу және жарықпен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа орталық қай жерде және қашан іске қосылады? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.