Синоптиктер биылғы қыс алдыңғы жылдармен салыстырғанда жылы болады, деген болжам жасаған.
Ал жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейден аспайды. Дегенмен, ауа райы құбылмалы, сондықтан қар көп жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Осы орайда қала әкімі көше жолдарын күтіп-ұстауға арналған техниканың дайындығын байқады.