Семей қаласында көркем гимнастикадан Абай облысының ашық чемпионаты өтті. Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам жас гимнаст жиналды. Жарыс нәтижесінде үздік спортшылар облыс құрама командасының сапына еніп, республикалық сайыста бақ сынайды.