Отанға қызмет етемін! «Күз - 2025» шақырылымының жас сарбаздары салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Дәстүрлі жиын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментіне қарасты Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасында өтті. Биыл 274 сарбаз отан алдында адал қызмет етуге серт беріп, шекара күзетіне кірісті.