Қоғамдағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау әр азаматтың тікелей жауапкершілігі. Жастардың заңды құрметтеп, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауы елдің жарқын болашағының негізі. Осы мақсатта өңірде түрлі ақпараттық кездесулер жүйелі түрде өткізіліп келеді. Солардың бірі Семей қаласындағы №7 мектепте ұйымдастырылды.