«Кітап ең жақсы сыйлық». Дәл осындай атаумен Семейдің орталықтандырылған кітапханасының Жоламан кентіндегі бөлімшесі ашық аспан астында букроссинг өткізді. Букроссинг – кітаптың айналыста жүріп, өзара алмасып оқу. Сол жағалаудағы Абай жолы аллеясында өткен шараға мектеп оқушылары, колледж студенттері, №1 аурухана қызметкерлері қатысты. Олар өзара кітап алмасты, оқыған кітаптары туралы пікір білдірді. Аллеяда серуенде жүрген жандар да қызығушылық танытып, кітап алмасып оқу жайын сұрап жатты.


Сәуле Айтқалиева – Жоламан кенті кітапханасының кітапханашысы


«Біздің іс – шарамыздың басты мақсаты - кітап алмасу. Әрбір оқырман келіп, кітап алмаса алады, кітаптарды көре алады, үйден өзі оқыған кітаптарын әкеле алады. Кітаптың оқитын ұлтқа айналу керекпіз. Сондықтан, біз осындай акцияны өткіземіз».