АЭС салу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Облыстық халық штабы Бесқарағай ауданының тұрғындарымен кездесіп, АЭС жұмысы жайлы талқылаулар жүргізді. Атом электр станциясын салу бойынша өткізілетін референдум қарсаңында облыстық халықтық штаб Бесқарағай ауданының мемлекеттік қызметкерлері, зейнеткерлері мен құрметті заматтары, білім беру саласының мамандары және аурухана ұжымымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында елімізде энергия өндірісінің 70%-ы көмір электр станцияларына тәуелді екендігі және қазірдің өзінде электр қуатын көрші елдерден сатып алуға мәжбүр екеніміз айтылды.

Вячеслав Гныря- ҚР ҰЯО "Атом энергиясы институты" филиалы директорының сынақ жөніндегі орынбасары

Қазірдің өзінде энергия тапшылығы бар, өздеріңіз білетіндей біз электр энергиясының ең жоғары жүктемесін шетелден сатып аламыз. Қолданыстағы генераторлық қуаттар, соның ішінде бізде басым көпшілгі көмір арқылы алынады. Яғни, атом электр станциясы қажет , заманауи атом электр станциясы қауіпсіз, барлық талаптарға, экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.

Аудан тұрғындары АЭС қауіпсіздігі және одан шығатын қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі бойынша алаңдатқан сұрақтарын қойды. Мамандардың айтуынша, қазіргі атом электр станциялары әлемдік стандарттарға сай, ең озық, сенімді, тексерілген технологиялар арқылы салынып, жабдықталады.

Алтынбек Нухұлы- ҚР парламенті сенатының депутаты

Салынатын АЭС 3-ші кезеңнің, яғни заманауи нұсқасы. Одан кейін оның 60 жыл жұмыс істегеннен кейін қалдықтарын қайта өңдеу мәселесі бойынша сұрақтар қойылды. Яғни оның зияны тимей ма, экологиямызға қандай әсері бар, қауіпсіздік мәселесі қай жағынан қамтамасыз етіледі, осы сауалдарға жауап бердік.

Атом электр станциясын салу барысында табиғи апаттар мен басқа да болуы ықтимыл қауіпті жағдайлар ескеріліп, оның алдын алу үшін қажетті шаралар жасалады. Оған қоса, атом электр станциясы көмір станцияларына қарағанда табиғатты улы газдар, зиянды қалдықтармен ластамайды және тұрақты энергия көзімен қамтамасыз етеді.