1983 жылы 19 сәуірде Семей қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Шәкәрім атындағы СМУ-нің гуманитарлық факультетін “Тарих” мамандығы бойынша тәмамдады.  2010 жылы Шәкәрім атындағы СМУ қаржы-экономикалық факультетін "Қаржыгер"мамандығы бойынша бітірді. Тарих магистрі. Еңбек жолын "ҚАЗАҚСТАН "РТРК" АҚ Семей қаласындағы филиалында 2003 жылы штаттан тыс қызметкер болып бастады.  2004 жылдан бастап-жарнама жөніндегі менеджер, 2005 жылдан 2018 жылға дейін - жарнама жөніндегі аға менеджері болды. 2018 жылдың қазан айынан бастап-филиал директорының орынбасары болып қызмет етуде.
"Қазақстан" РТРК АҚ, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, өңірдің мемлекеттік мекемелері мен қоғамдық ұйымдарының грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған. ҚР Журналистер Одағының мүшесі. "Ақпараттық саланың үздігі", "Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін"және "Қалаға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгілерінің иегері.