Абай облысына еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келді. Сапар барсында өңірдегі ауыл шаруашалығы саласындағы маңызы бар өндіріс орындарымен танысып, жергілікті шаруақожалығы иелерімен кездесті.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі өз сапарын Семей қаласындағы «Ардагер» өндірістік бірлестігінің құрамына кіретін «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинатында» бастады. Элеватор дәнді дақылдарды қабылдау және сақтау бойынша қызмет көрсетеді. Жалпы көлемі 133 мың тоннаны құрайды.
Одан соң министр Бесқарағай ауданы Қарағайлы ауылындағы өндіріс орындарына барды. «BA Agro Group» ЖШС егін жинау жұмыстарын жүргізу барысымен танысты. Облыс бойынша дәнді дақылдардың 60% жиналып, майлы дақылдар алқабында жұмыс енді басталды.
Сапар барысында министр шаруа қожалықтарының иелерімен кездесті. Фермерлер Айдарбек Сапаровқа өз сауалдарын қойып тиісті жауаптарын ала алды.
Кредит жөнінде. Біз биылдан бастап қаржыландыру мәселесін 1 жылдық оборотқа жіберетін ақша соляркаға, тұқымға, удобренияға, гербицидке, зарплатаға целевой ақша АГК арқылы беріп, жаңағы комерческий ақша бөлініп оны банктен алып процентный ставка төлейтін. Содан біз көшіп жатырмыз. Биыл 1 жыл бастадық, 5% ғана береміз, субсидиямен сіздердің бастаыңызды қатырмаймыз
Биыл ауыл шаруашылығын дамытуға 580 млрд теңге бөлінді. Бұл жылдағыдан 400 млрд теңгеге көп. Қаржының басым бөлігі кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие түрінде беріледі.
Айдарбек Сапаров – ҚР Ауыл iаруашылығы министрі
02.01- Биылғы жылы біраз өзгерістерді кіргіздік. Өздеріңіз білесіздер қаржыландыру мәселесі бірінші қатарда тұрды. Қаржыландыру келісім бойынша бұрын пайыздық ставкасы бар 22% алып сосын субсидия тосады. Ал субсидия бір күн бар, бір күн жоқ. Мәселелер шешілмейтін. Биылдан бастап 5% кредит беріп жатырмыз. Бұл өте ыңғайлы, бұл фермерлердің арманы деп айтуға болады. Енді 22% емес 5% СПК арқылы аграрный комитетный корпорация арқылы осындай жағдай жасап жатырмыз -02.34
Министр ауыл шаруашылығы саласына жастарды тарту керектігін атап өтті. Бұл бағыт бойынша жергілікті әкімдік аудандық колледжбен бірлесе жұмыс істейтін болады. Жалпы Бесқарағайда 500-ден асам шаруа қожалығы бар.
Алмас Тастенбеков – Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары
Ауданда 513 шаруа қожалығы бар. Оның 120 мал шаруашылығымен айналысады, 80 егіндікпен айналысады қалғаны шөппен аналысандыр мен шағын қожалықтар. Қазіргі таңда Ертіс маңында орналысқан шаруа қожалықтарын тамшылап суару арқасында жеміс-жидекпен Семейді толық қамтамасыз етіп отыр -02.15
Қазір елімізде ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Абай облысында да бірқатар бағыт бойынша өсімдер байқалады. Алдағы уақытта аймақта ірі өндіріс орындары бастау алмақ. Мәселен ет комбинаты жаңадан салынып, қолданысқа берілсе мал шарушылығығы өнімдері тұтынушыға дайын өнім күйінде жеткізілетін болады.