Жетіген – шекті аспаптар тобына жататын, ерекше үні бар аспап. Соңғы жылдары көпшілік тарапынан қызығушылық тудыра бастаған жетіген аспабының тарихы тереңде жатыр. Бүгінде осы аспапты игере бастағандар аз емес. Семей қаласында жетігенді жасөспірімдерге насихаттап жүрген өнер майталмандары бар.
Көнеден жеткен жетігеннен төгілген әуеннің тыңдаушысын арбап, жансарайыңа бойлап, шаршаған жүйкені дамыл таптыратын бір құдіреті бар. Ендеше көне аспапты кәсіби тұрғыда дамытып, өскелең ұрпаққа насихаттап жүрген жандар болса, соның бірі Жазира Абылайханқызы. Ол 6 қыздан құралған «Ақ баян» тобымен әртүрлі байқауларда бақ сынап, мерекелік концерттерде өнер көрсетіп жасөспірімдердің қызығушылығын арттырып жүр.
Жазира Әзілқияшева – «Ақ баян» тобының жетекшісі
Осы тобыммен мен қаламызда өтіп жатқан қалалық байқаулардың бәріне қатысып жатырмыз. Республикалық Астана, Алматыға барып келдік. Осы таяуда маусым айында Өзбекстан Республикасындағы Ташкент қаласына барып, халықаралық байқауға барып қатысып. Қыздарым өнер көрсетіп келді. Бас жүлделі болып келдік.
Жетігенге қыздардың қызығушылығы жоғары. Көбінесе, аспаптың үніне, пішініне қызығады. 9 жастағы Азиза жетіген аспабын бір жыл бұрын үйреніп бастаған. Ұлттық аспапты меңгере бастаған бұрымдының бойында өнерге деген қызығушылық артқан.
Айнұр Қасымжанова – Азизаның анасы
Қызыма деген мүмкіндіктер енді ойлаймын болашаққа деген өзіміздің армандарымыз бар, сол бұйырса армандарымызға алдыға қарай келе жатырмыз. Қазір енді жетіген саласында үйірмеге қатысып жүргеніне 1 жыл болды. Қазір 2 сыныпта оқиды. Біздің мұғаліміміз Жазира Абылайханқызы ол кісі балаларға жақсы тәрбие беріп жатыр, бірден. Екіншіден өнер үйретіп жатыр.
Ал Айзере Бердіханқызына өнерге қызығушылық әжесі мен нағашы апасынан берілген. Бірі музыка пәнінен сабақ берсе, енді бірі әжелер ансамблінде өнер көрсеткен. 4 жыл бұрын анасы қызын үйірмеге берген, содан басқа да музыкалық аспаптарға ынтасы ауған. Әкесі қызының әр бастамасын қолдайды.
Бердіхан Самалханұлы – Айзеренің әкесі
Жетіген деген біздің дәстүрімізбен бірге келе жатқандықтан жетігенге қыз баланы нәзіктікке тәрбиелейтіндей оны биязылыққа тәрбиелейтіндей, жүріс-тұрысының қыз балаға тән қылығын дамытатындай тәрбиелік мәні бар. Ең алғаш біз Айзерені апарған кезде де жетекшісі осыны түсіндірген, балаға және ата-аналарға. Біз сол үшін де баламыздың бойынан осы қасиеттерді біле бастадық.
Жетіген аспабының танылуына елімізде ұйымдастырылатын түрлі фестивальдер мен конкурстардың тигізген септігі мол. Жыл сайын Қазақ ұлттық Консерваториясында кіші және үлкен топтарға арналған республикалық олимпиада өтеді. Кіші топта мектеп оқушылары мен коллледж студенттері, ал жоғары топта жоғары оқу орнында білім алушы студенттер қатысады.
Ақбота Бияхмет