Ақсуат ауданында ауылдардың кіреберіс және көше жолдарын жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы уақытқа дейін мүлдем асфальт болмаған жерлерге асфальт төселіп, жолдар қалыпқа келтірілуде. Биыл бұл мақсатқа 1 млрд 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Толығырақ әріптесім, Аслан Ертісбаев айтып береді.
Жалпы, Ақсуат ауданы бойынша жергілікті аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 462 шақырымды құрайды. Биылғы жылы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 1 млрд 300 млн теңге қаражат бөлінді.Биыл көптен күткен Сәтбаев пен Көктүбек ауылдары арасындағы 9 шақырым жол жөндеуден өтті. Оған 432 млн теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ, Қызыл Жұлдыз ауылының 3,6 шақырым кірме жолы да 267 млн теңгеге жасалды. Бұл жұмыстар шалғайдағы елді-мекен тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған. Жұмыстар маусым айында басталып, тамыз айында қолданысқа берілді.
Ахмет Аққазин – Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары
Мінекей, бүгін куәсі болып тұрмыз ашылған жол Сәтбаев пен Көктүбек арасындағы жол ұзындығы 9 шақырым. Бұған 432 млн теңге қаражат бөлінді. Бұл мердігер компнаия жасап, бітіріп пайдалануға беріліп жатыр. Сонымен қатар, Қызыл Жұлдыз ауылына кіреберіс жолы да жасалып, міне бүгін бітті. 3,6 шақырым. Оған 267 млн теңге қаражат бөлініп, игерілді. Тұрғындар қуанышты енді. Қазір қарасаңыз, бұрын бұл жерге жарты сағат жүретін ғой 9 шақырымды. Қазір 5-10 минутта барып келеді. Енді жолдың түзу болғаны халыққа жақсы ғой.
Ауыл тұрғындары жолдардың жөнделіп жатқанына дән риза. Бұрын соңды бұл елді-мекендерде асфальт болмаған. Қазір жол адам танымастай өзгерген.
Ербол Кәрімов – ауыл тұрғыны
Бұған дейін тас жол болған. Бірақ асфальт жол түспеп еді, міне бүгін аяфальт жол бітіп, бәрі еңбектеніп, ауданның басшысынан бастап қосшысына дейін, асфальт зауыттың жігіттеріне дейін еңбек істеп, біздің ауылға үлкен асфальт жол салып берді. Бұған біз халық атынан ризашылығымызды білдіріп, рахметімізді айтып жатырмыз.
Нұртас Байсеміров – ауыл тұрғыны
Ешқандай жол болған жоқ. Осыдан 8 жыл бұрын тас жол салынды. Оны өзіміз басында қадағалап, тас жолға көмек жасап, тамағын ұйымдастырып, сондай жұмыстарды жасадық. Жол жақсы болды. Енді міне бүгін асфальт түсіп, халықтың қуанышында шек жоқ, қуанып жатырмыз. Аудан әкімдігіне, облыс әкімдігіне бәріне рахмет айтамыз. Осы жолға көңіл бөліп, ақша бөліп, жол жасап берген және жол салған құрылысшыларға да рахмет айтамыз.
Алдағы уақытта Ойшілік пен Құмкөл ауылының арасындағы жол жөндеуден өтпек. Биыл жұмыстар басталды. Аяқталу мерзімі келесі жылдың қарамағында. Сондай-ақ, Үштөбе ауылының кіреберіс жолы, Ырғызбай ата басынан Кіндікті ауылына баратын жолға асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бүгінде аудан жолдарының 67%-ы қанағаттанарлық жағдайда.
Аслан Ертісбаев