Облыстың аудандарында абаттандыру жұмыстары қарқынды. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында бірқатар аумақ қоқыстан тазарды. Аягөзде саябақтарды қоқыстан тазарту жұмыстарына қала тұрғындары қатысты.
Аягөз қаласында «Таза Қазақстан» аясында абаттандыру және экологиялық мәдениетке арналған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бастаманың арқасында қалада көшелерді абаттандыру, жинау, тазалау жұмыстары биыл ереше қарқынмен жүргізілді. Бүгінде дәстүрге айналаған тазалық жұмыстары қаланың Абай Құнанбаев атындағы саябақ пен Құттыбай би саябағын және бірқатар нысанды қамтыды.
Ардақ Қайырбаев – Аягөз қаласы әкімінің орынбасары
Осы уақытқа дейін қала бойынша шығарылған қоқыстың көлемі 10 мың шаршы метрді құрады. Аудан бойынша «Таза Қазақстан» республикалық акцияның аясында атқарылатын шаралар жалғасын таппақ. Ауданымыздың тазалығына бірге атсалысайық.
Аягөздік ағайынның сүйікті демалы орынын тазалауға «Жасыл ел» еңбек жасағының 50-ден астам жауынгері мен жергілікті мекеме қызметкерлері қатысты.
Надежда Сильчукова – қоғамдық кеңес мүшесі
Жастар жүр. «Жасыл ел» жастарыда қатарда. Олар «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосуда. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін. Тек қана «Жасыл ел» емес мемлекеттік мекемелерді жұмыс істейтін азаматтар, белсенділер, көп балалы аналар бәріміз бірлесе үлес қосып отырмыз. «Таза Қазақстан» ең маңызды шара. Таза Қазақстан, таза өмір біздің жарқын болашағымыз. Осы бағдарлама әлі де жалғасын табуда. Тоқтаймамыз, біздің елдің тазалығы маңызды.
Аягөздіктер аптасына 2 рет қаланы қоқыстан арылту үшін сенбіліктерге шығып тұрады. Қаланың ажары еніп, жарқырап келе жатқаны тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өз қаласына деген мақтаныш сезімін туғыуда.
Нүрилә Дәулетқызы – қала тұрғыны
Аягөз ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырудамыз. «Таза Қазақстан» қазіргі таңда жалпы халықтық сипат алуда. Біз өз елімізге өзімізідң тазалығымызыд жүргізу арқылы пайдамыз тиіп жатқанына қуаныштымыз. Және осы акция аясында адамдарды тазалыққа шақырамыз. Таза болса табиғат аман болар адамзат демекші тазалығымыхды сақтайық.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы нағыз отансүйгіш жандардың жұмыла атсалысқан бастамасына айналды. Жалпы, облысы бойынша бағдарлама бастау алған сәттен бастап 90 мыңнан астам адам, оның ішінде 3616 ұйым мен мекеме өкілдері қатысты. Облыс көлемінде 239 саябақ пен сквер тазартылып, 296 ескерткіштің айналасы абаттандырылып, 724 шаршы метр тақтатас жолжөнделді.
Аружан Таубекова