Семейде алдағы жылу маусымында Қарағайлы ауданында жаңа блокты-модульді қазандық іске қосылмақ. Құрылыс 2024 жылдың көктемінде басталған.Жаңа жылу көзінің қуаты көпқабатты тұрғын үйлер белсенді салынып жатқан аумақта жылу энергиясының тапшылығын шешуге негізделген.
Облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариковтың айтуынша, қазандықтың құрылысы 44 тұрғын үйді, 1200 орындық жаңа мектепті және жеке инвесторлар есебінен салынатын нефрологиялық орталықты жылумен қамтамасыз ету қажеттілігінен туындаған. Бұған дейін РК-3 жаңғырту нұсқасы қарастырылғанымен , алдағы уақытытта үшінші жылу энерго орталығы салынатындықтан сала жұмысына жауапты мамандардың ұсынысымен бұл аумақта жаңа блокты модул құрлысы жеткілікті деп шешім қабылданған. ӨЙТКЕНІ, Жаңғыртуға жұмсалатын шығыстар шамамен 40 миллиард теңгені құрап, ал жұмыстардың аяқталуы 3-ЖЭО құрылысының басталуымен тұспа-тұс келуші еді.
Димитрий Гариков – Абай облысы әкімінің орынбасары
Қазіргі таңда Энергетика ауданында және Қарағайлы ауданында жылу қуатының тапшылығы бар екенін бәрі жақсы біледі. Бұл қазандық шамамен 22 Гкал-24 қуаттылыққа, 44 үй мен 1200 орындық жаңа жайлы мектеп және инвесторлар есебінен салынатын жаңа нефрологиялық орталықты қамтамасыз етеді. Ол бүгінгі күні – 21,5 Гкал құрайды. Сондықтан, биылғы жылы жылу беру маусымы басталғанға дейін осы қазандықты қою міндеті тұр.
Қазандық салу құны 5,6 миллиард теңгеге бағаланып, жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін ол мемлекеттік меншікке беріледі және «Жылукоммунэнерго»МКК басқаруына өтеді.
Димитрий Гариков – Абай облысы әкімінің орынбасары
Қазіргі уақытта құрылыс алаңы дайындалды, барлық жабдықтарға тапсырыс берілді, бұл екі үлкен блоктан тұрады, біріншісі-қазандықтың өзі, Блокты-модульді, ол 5 жұп қазандықтан тұрады, бұл 5 модуль, бүгінгі күні құрылыс аумағына келді, бұл қазандықтар Барнаул қазандық зауытында тапсырыс берді және сорғы станциясы, ол компаниямен тапсырыс берілген, сонымен қатар өндірістің белсенді кезеңінде, модуль толығымен жасалған, жабдықтың өзі қазір жиналуда.
Қазандық 2024 жылдың қараша айында, жылыту маусымы басталғанға дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұған дейін жылу үшінші аудандық қазандықтан берілетін. Болашақта үшінші жылу энерго орталығы іске қосылғаннан кейін блоктық-модульдік қазандық басқа ауданға, мысалы, Курчатовқа ауыстырылуы мүмкін. Бұл жоба Қарағайлы ауданындағы жаңа тұрғын үй және әлеуметтік нысандарды тұрақты жылумен қамтамасыз етудің негізгі қадамы.
Аружан Таубекова