Бүгінде үржар ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық, аббаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған жастар орталығы мен «Жасыл ел» жастар қанатының жасақтары бірігіп, бірнеше тоннаға жуық қоқыс шығарды. Еліміздің түкпір-түкпірінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Мемлекет басшысының қоршаған ортаны тазарту және жақсарту жөніндегі бастамасына қолдау көрсету шеңберінде Үржар ауданының белсенді жастары мен еріктілері «Болашақ» саябағының аумағын қоқыстан тазартты. Іс-шараның мақсаты – аудан тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету. Үржар ауданы бойынша 70 мыңға жуық әр түрлі гүлдер және 4 мың данаға жуық көшет отырғызылды. Биыл арнайы қоқыс төгетін полигонға 1000 тонна қоқыс шығарылды.

Мақсат Әмірбаев – Үржар ауылдық округі әкімінің орынбасары

Үржар ауданы бойынша әрбір ауылдық округте «Таза Қазақстан» акциясы жүргізілуде. Барлық ауылдық округтерде бүгінгі таңда бірталай жұмыстар атқарылып жатыр, гүлдер егіліп жатыр, көшеттер егіліп жатыр. Үржар ауылында, үржар ауылына қарасты 100-ге тарта белсенді азаматтар бар. Сол кісілер әрдайым қол ұшын беріп, жастар орталығымен бірігіп, көмек қолын созуда.

Шара барысында саябақ аумағы арам шөптен арылып, қураған, сынған ағаштар кесілді. Жалпы, жаз мезгілінің алғашқы күндерінен басталған тазалық жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Еріктілер, барлық аудан тұрғындарын өз аулаларын, алаңдарды, көшелерді санитарлық тазалауға белсенді атсалысуға шақырады.

Серік Сәрсенбаев – ерікті

Еріктілер тазалық жұмыстарымен, көгалдандыру, аббаттандыру жұмыстарымен айналысады. Осы жылы «Жасыл ел» жасағымен қосылып, бірге еңбек атқаруды шештік. Үржар ауданы бойынша саябақтар, скверлер, аялдамалар, көшелердің шеттері соларды қоқыстан тазартып, абаттандарып, гүлдер, ағаштарды суарып, сондай істермен айналысудамыз.

Райлы Бақыт – ерікті

7 жыл көлемінде жазда «Жасыл елмен» әрқашан жыл сайын шығып тұрамыз. Және де жаздың күндері осы «Жасыл елде» аббаттандыру жұмыстарын жүргізсек, қыстыгүні қар күреу деген сияқты жұмыстарды атқарамыз ауданымызда. Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы болып жатқанына қуаныштымын. Өйткені, әркім тазалықты өзінен бастаса, онда қазақстанымыз да, ауданымыз да, еліміз де бәрі көркейетін еді, таза болатын еді.

Наргиз Сүлейменова да еріктілер қатарында. Биыл екінші жыл «жасыл ел» жасағымен бірге игі іске ат салысып отыр. Волонтерлердің қатысуымен ауданда талай іс тындырылып келеді.

Наргиз Сүлейменова – ерікті

 Қазіргі уақытта «Жасыл ел» еңбек жасағының 2-ші маусым сарбазы болып табыламын. Дәл қазіргі сәтте болашақ паркіне келіп, өзіміздің болашақ саябағын көгалдандырып жатырмыз. Негізі әр адам өзін іштей тәрбиелесе, жақсы болар еді. Бізге жұмыс істеген оңай болады біріншіден, екіншіден адам өзін өзі тәрбиелейді.

Бүгінде ауданда қоқыс жинау пунктісі жұмыс жасайды. Онда темір банкі, әйнек құмыра, пластик бөтелке сынды заттарды өткізуге болады. Еріктілердің айтуынша, жергілікті тұрғындар өз ауласындағы тұрмыстық заттар мен қоқыстарды бір орынға жинап отырса, олар алып кетіп, ақшасын қайырымдылыққа жұмсамақ.

Аслан ертісбаев