Семейде белсенді ұзақ өмір сүру орталығының тағы бір филиалы салтанатты түрде ашылды. Орталық қарағайлы ықшам ауданының зейнеткерлеріне арналған. Ол «арена» спорт кешенінде қызмет көрсететін болады. Қазыналы қарияларымыздың уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасалуда.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қаламызда 2021 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істеп келеді. 3 жыл ішінде ауқымы кеңейіп, 4 филиалы ашылды. Мұнда келетін қариялардың саны күннен күнге артуда. Алдағы уақытта мекеменің жаңа бөлімшелері қаламыздың түрлі аудандарын да ашылмақ. Орталық қала әкімінің бастамасымен іске асқан.

Арайбек хамзаев - семей қаласы әкімінің орынбасары

Қазіргі таңда біз қаламыздағы үшінші осындай нысан ашылды, өздеріңізге арналған. Бұнымен біз тоқтамаймыз. Қаламыздың сол жақ жағалауында тағы бір нысанның жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала күніне бұйырса тағы бір осындай үлкен бір нысан ашамыз деген ойымыз бар.

Орталықтың негізгі мақсаты - зейнеткерлік жастағы адамдарды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге бейімдеу.

Меруерт омарова – белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бөлім меңгерушісі

2021 жылдан бастап ашылған күні 140 адам тіркелген. Бүгінгі күні 4 филиалымызда 284 адам тіркеліп отыр. Және бізде қосымша тағы тіркеуде келгісі келетін тағы 154 адам қосым бар тізімде.

Белсенді өмір сүру орталығында қызмет алушылар емдік дене шынықтыру сабақтарын, медициналық қызметтер, еңбек терапиясы, тілдік курстардан өтіп, сондай-ақ, би, домбыра үйірмесіне, психологиялық тренингтерге қатыса алады. Сонымен қатар, скандинавиялық серуендеуге шығып, үстел ойындарын да ойнай алады. Орталыққа келетін зейнеткерлер мамандарға өз алғыстарын білдірді.

Қарлығаш закирова – қала тұрғыны

Бұл өте қуанышты жағдай. Біздің семейдің жан жағынан ашылып жатыр. Бізге жағдай жасауда. Бұл орталықтарда біз денемізді шынықтырамыз, жаттықтырушыларымыз да жақсы. Жүгіруге барамыз, скандинавскийға барамыз. Түрлі жаттығуларды жасаймыз.

Бұл бөлімше аптасына 100-ден астам зейнеткерлік жастағы қала тұрғындарына қызмет көрсетпек. Шара соңы орталықта қызмет алатын қарияларымыздың мерекелік бағдарламасымен аяқталды.

Аружан таубекова