Семейде "Елімай" футбол клубы ұйымдастырған баспасөз конференциясы өтті. Кездесу Қазақстан футбол лигасының Премьер-Лигасындағы бірінші айналымының аяқталуы тақырыбына арналды. Толығырақ әріптесімнің сюжетінде

Баспасөз конференциясына БАҚ өкілдері, сондай-ақ жанкүйерлер қатысты. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Команда жаңа ойыншылармен толықтырыла ма?- деген сұраққа «Елімай» командасының спорт директоры жауап берді.

ФЕДОР СИМИНИДИ «ЕЛІМАЙ» КОМАНДАСЫНЫҢ СПОРТ ДИРЕКТОРЫ
Жұмыс тоқтап тұрған жоқ. Жыл бойы жүргізіледі. Қазір трансфер терезесі ашылды. Егер бізге жаңа ойыншылар келетін болса, сіздер міндетті түрде білетін боласыздар. Мәселен, біз Даниил Пенчиков жайлы мәлімдедік. Сондықтан тағы да жаңа ойыншылар келеді. Жақын арада бәрін білетін боласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, 30 маусымда "Елімай" командасы өз алаңында Талдықорғандық "Жетісуды" қабылдады. Ойын тең аяқталды. Ойын барысында "Елімайлық" 5 футболшы түрлі жарақат алғаны белгілі болды. Жараланған ойыншылар алаңға қашан қайта оралатындығы жайында да баспасөз конференциясында сұрақтар қойылды.

АЛЕКСАНДР КОРНИЛОВ «ЕЛІМАЙ» КОМАНДАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ
Жұмыс күн сайын жүргізіледі деп айта аламын. Тіпті түнде де. Себебі қазіргі уақытта ойыншылардың жарақаттары мен жағдайлары қалпына келтірілуде. Алдымен біз белгілі бір диагностикалық шараларды жүргіземіз, ары қарай емдеу жоспарын құрамыз. Сіздің сұрағыңызға жауап ретінде жарақат алған немесе науқас ойыншының негізгі құрамға шамамен қай уақытта оралатындығы жөнінде табель беріледі.

Сонымен қатар, қатысушылар матчтарда орын алатын төрешілердің әділетсіз шешімі жайлы сөз қозғады. Өйткені, Семейлік " Елімай " Қазақстан Кубогының "Ақтөбеге" қарсы жартылай финалдық ойынында төрешілердің шешімімен келіспегені белгілі. Осыған байланысты «Елімай» командасының спорт директоры Федор Симиниди Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік ету және инспекциялау департаментіне үндеу жолдады.

ФЕДОР СИМИНИДИ «ЕЛІМАЙ» КОМАНДАСЫНЫҢ СПОРТ ДИРЕКТОРЫ
Кубоктың жартылай финалына бәріміз куә болдық. Төрелік еткен төрешілер қателескендерін айтуда, олар жазаланды. Мен жиналыста болдым, сонда олар төрешінің қателескендігін, оны бір айға жазалағандарын айтты. Бірақ, ол жауапкершілік жүктесе де , біздің командамыз кубоктың финалынан айырылды. Біз тек жағдайды жақсартқымыз келеді. Сондықтан біз көбірек камералар қоюды жоспарлап отырмыз, қазір стадионда хабар тарататын 7 камера бар. Біз өз камераларымызды да қоюға дайынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Елімай Футбол клубы келесі ойынды 6 шілде күні Шымкент қаласында өткізеді. Жаңа лига cup турнирі аясында Ордабасы командасына қарсы ойнайды.