Ардагерлер мен ақсақалдардың бірлік пен келісімді нығайтуға, мәдени – адамгершілік құндылықтарды сақтауға қосатын үлесі зор. Олардың өмірлік тәжірибесі, салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы білімдері барлық ұрпақ санасында ерекше орын алады. Осыған орай, Семей қаласы мен Павлодар қаласы ардагерлер кеңесінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандум – Семей қалалық ардагерлер кеңесі мен Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің арасындағы ұзақ мерзімді заңды қарым-қатынасын білдіретін алғашқы құжат. Екі қаланың тарихи-мәдени және гуманитарлық байланыстарын ескере отырып, еліміздегі облыс орталықтарының арасындағы қарым-қатынасты дамытуға және тәжірибе алмасуына, бұл меморандумның маңызы өте үлкен.

КЕНЖЕБАЙ БЕРДІКЕНОВ – СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Біз өзіміз Абай облысы жеке шаңырақ болып бөлінгелі бірінші рет Павлодар қаласы мен меморандумға қол қойғалы жатырмыз. Мен ойлап отырмын, бұл біздің екі қаланы ардагерлер кеңесінің жұмысының жетістігі деп білемін. Ортамызда ағып жатқан Ертіс өзені екі қаланы қосып жатыр. Ендеше, бүгінгі қол қойылатын меморандум осы біздің ұлы Ертіс сияқты арнасы кең, терең, мағыналы, мазмұнды меморандум болсын деп ойлаймын.
КЕНЖЕ КЕҢЕСБАЕВ – ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Меморандумның басты мақсаты – ол екі қаланың қоғамы, әсіресе ардагерлер кеңесі, ардагерлер араларындағы қарым-қатынасты нығайту, дамыту. Міне, осы басты мәселе. Сіздердің да ардагерлеріңіз, жастарыңыз біздің облыстағы болып жатқан жағдайларды көргілері келеді, білгілері келеді деп ойлаймын. Әлі қарым-қатынасымыз осылай жалғаса береді деген ойдамыз.

Жаңа екі жақты өзара ынтымақтастық Меморандумына екі қаланың ардагерлер кеңесі төрағалары қол қойды.

ТАМАРА ДОРОШЕНКО - АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ҚАЛАЛЫҚ ХОРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Сіз білесіз бе, бұл бәріміз үшін маңызды оқиға. Өйткені, осы арқылы екі қала арасы нығая түседі. Біз бір елміз және осы шарт арқылы әртүрлі деңгейдегі байланыстар артады. Біз мысалы, шығармашылық қабілеттерімізді көрсету үшін келдік. Сіздердің ардагерлеріңіз де өз шығарамшылық қабілеттерімен бөліседі. Ардагерлер Отанымызды біріктіріп, тойлап, ән айтып жатса, керемет қой. Біз бақыттымыз.

Алдағы уақытта екіжақты меморандум аясында өңіріміздің мәдени, тарихи, қасиетті жерлерін танып-білуге және өзара ықпалдасу және кеңесу тәртібінде атқаратын іс-шараларға өз септігін тигізетін болады.


АСЛАН ЕРТІСБАЕВ