Биыл қажылық маусым айында басталды. Меккедегі қажылыққа қойылатын талаптардың бірі-менингококк инфекциясына қарсы міндетті вакцинация. Вакцинацияны Сауд Әмірлігіне келгенге дейін кемінде 10 күн бұрын алу керек.
Сауд Әмірлігіне жыл сайын әртүрлі елдерден миллиондаған адамдар қажылыққа жиналады. Жұқпалы аурулар адамдар көп топтасқан жерлерде, ыстық климаты бар елдерде тез өршиді. Осындай аурулардың бірі-менингококк инфекция. Бұл мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының және ми қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын ауа-тамшы арқылы берілетін өткір инфекциялық ауру.
НҰРЖАН НОҒАЙБАЕВ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Сауд арабиясына бару кезіндегі ең бірінші талап ол менингококк инфекцияға қарсы вакцинанын болуын талап етеді. Бұл корольдіктің денсаулық сақтау министрлігінің ең алғашқы талаптары өйткені бұл мемлекет менингит инфекциясына қолайсыз мемлекеттердің бірі болып табылады. Менинггококк негізгі үш белгілері бар .Ол дене қызыуы , бас ауруы сонымен қатар құсу, жүрек айну деген сияқты симптомдары негізгі белгілері саналады
Жыл сайын қажылыққа әлемнің түкпір-түкпірінен екі миллионға жуық мұсылман жиналады. 2024 жылы Сауд Әмірлігінің Қажылық және умра министрлігі Қазақстанға 10 мың орынға квота бөлді. Маусым айында елімізден 5 мыңға жуық адам аттанды. Оның ішінде біздің жерлестеріміз де бар.
ҚУАНЫШ ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ МЕШІТТІҢ НАИБ ИМАМЫ
Абай облысы бойынша 100 жуық қажы мыз қазіргі уақытта сол жақта қажылық міндеттерін атқаруда . Адам көп жиналған жерде 3-4 күннен халық бір жерде жиналғаннан кейін бұл жерде әртүрлі жұқпалы аурулардың таралуы ықтималдығы өте жоғары. Әсіресе сол ыстық өңірде жиі кездесетің менингит деген ауру таралуы жоғары болғандықтан, Сауд Арабиясы қажылық жасау үшін кісілерге міндетті түрде менингит вакцинасын екпесін алуды талап етеді. Ол өзіміздің денсаулығымыз үшін қажетті дүние.
Сауд Әмірлігінің Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялау адамдардың денсаулығын қорғау үшін маңызды екенін атап өтті. Менингитке қарсы вакцина ми мен жұлынға әсер ететін және ауа тамшылары арқылы берілетін ауыр бактериялық инфекциядан сақтады. Сонымен, 2024 жылдың сәуірінен бастап Сауд Әмірлігіне умраға барғандар арасында 12 менингококк инфекциясы тіркелді: АҚШ-та 5 адам, Францияда 4 адам және Ұлыбританияда 3 адам ауырды.