Абай облысында денсаулық сақтау саласының қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Спорттық іс-шара ҚР медицина қызметкері күні қарсаңында ұйымдастырылды. Жарысқа 15 мекеменің қызметкерлері қатысты. Маусым айының үшіші жексенбісі медициналық қызметкерлер күні. Ақ халатты абзал жандардың кәсіби күніне орай Senim кәсіподақ комитетінің қолдауымен Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы спартакиада ұйымдастырады.

МАРАТ БЕКБАЕВ – «SENIM» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Біз спортты дәріптейміз, жоғары ұстаймыз. Біздің жас ұрпаққа, жас буынға үлгі болсын деп осындай спорт шараларын ұйымдастырып жатамыз. Бұл біздің бірінші ғана ұйымдастырылған шара емес, жылда осындай спорт шаралар ұйымдастырып жатады.
ВЛАДИМИР ЛИ – ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
Бірінші турда үстел теннисі, шахмат, "Көңілді старттар" және соңында футболдан жарыс болды. Спорт түрлері бойынша жүлделер тағайындалған. Бұл денсаулық сақтау қызметкерлері арасындағы ауыспалы облыс кубогы бас жүлдеге қойылатын спартакиада. Бұл кубокты өткен жылы біздің ұйым жеңіп алған болатын. Қазір ол біздің ұжымда.

Дәрігерлер түрлі жарыстарға жиі қатысады. Олар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, өздері де спортпен айласуға уақыт табады.

ДУМАН МЕДЕУОВ - БҮЙРЕК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біз өзіміз енді Семейдін жасы келген футболшылар 20 жылдай осы жаттығу жасап жүрміз. Өзіміздің командамыз бар «Медик» деген. Ербол Капанович деген Президентіміз бар. Осындай үлкен жарыстарға қатысамыз. Семей қаласында да спорт деңгейі көтеріліп келе жатыр, облыс қайтадан құрылғаннан кейін. Париж олимпиадасы тұр алдымызда, Қазақстандықтарымыз, жерлестеріміз көптеген .. алып келсін деп тілейміз.
ДИАР МҰХИТҰЛЫ - ФЕЛЬДШЕР
Дәрігерлер күніне орай бізде олимпиада және футболдан жарыстар өтуде. Дәрігерлікке қатысы бар барлық медицина қызметкерлерін, әріптестерімді құттықтаймын.

Спартакиада денсаулық сақтау қызметкерлері арасында жыл ішінде бірнеше рет өткізіледі. Осылайша, медицина мамандары бұқаралық спортты насихаттауға үлгі болып жүр.


СҰЛТАН ЖОЛАМАНОВ