Қаламызда «Semey Book Fair-2024» атты кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның мақсаты – кітапты насихаттау, оқуға деген қызығушылықты қолдау, авторларды зерттеу, сондай-ақ жастардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Іс-шараны Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы, Абай облысының жастар мәслихаты, Әлихан Бөкейхан университеті мен М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж ұжымдары, "Amanat" партиясының "Жастар рухы" ЖҚ және «Alash Jastary» бірлесіп ұйымдастырды. Жәрмеңкеде қаладағы жетекші баспалар мен кітап дүкендерінің өнімдері ұсынылды. Абай облысы мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов өзінің құттықтау сөзінде оқудың маңыздылығына, мәдениет пен дәстүрді сақтау құралы кітап екеніне тоқталды.

КУАНЫШ СҮЛЕЙМЕНОВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Кітап туралы айта берсек, кітап дегеніміз – асыл қазына. Бала кезімізде 80-шы жылдары ұстаздар айтатын мектепте оқыған кезде. Кітап оқыңдар деп. Сол кезде оқығымыз келмей, қашып жүретінбіз. Артынан 8-ші, 7- ші сынып роқып жүрген кезде кітапқа көп ұмтылып, оқып , кейбір кезде ойлаймын, осы өмірде жеткен жетістіктің бәрі осы кітаптың арқасында. Қай тілде болса да, кітапты оқу керек.

«Semey book fair-2024» кітап әуесқойларын біріктіріп қана қоймай, оқырманды әдеби жаңалықтарға шабыттандырды. Кітап көрмесі қаланың мәдени өмірін дамытудағы маңызды қадамдардың бірі. Ұйымдастырушылар әдебиеттің қоғам өміріндегі маңыздылығын және жастар арасында кітап оқуды насихаттаудың қажеттілігін атап өтті.

ЕЛДАР МАҚСҰТОВ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Осыдан бұрын сәуір айында өткізген болатынбыз , халықаралық кітап күніне орай. Ашық аспан астында өткіздік. Тағыда қайталап, жастардың кітапқа деген құмарлығын , олардың қызығушылығын ояту мақсатында . Бүгінгі шарамыз көрме және жәрмеңке болып өтіп жатыр. Және атап өткенімдей, кіатапханалар олар көрме ретінде көпшілікке көрсетілімге қойылады. Ал жәрмеңкеге Атамұра баспасынан шығып жатыр, казбук, жәрдем баспасынан шығып жатыр. Олар өһздерінің кітаптарын көпшілікке сатуға қояды.

Іс-шара барысында тұрғындар мен қонақтар үшін демеушілердің қолдауымен түрлі байқаулар, викториналар және ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ қаламыздың өнерлі жастарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.


СҰЛТАН ЖОЛАМАНОВ