2024 жылдың 27 мамырында белгілі салық сарапшысы, республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының негізін қалаушы Дмитрий Казанцев, Bereke Business-тің қолдауымен бизнес-тур басталды. Орал қаласында өткен бизнес-турдың бірінші кезеңі, Семей қаласында жалғасын тапты.

Дмитрий Казанцев – салық және қаржы саласындағы сұранысқа ие мамандардың бірі. 8 компанияны құрып, басқарған. «Казанцев әдісі» арқылы 10 000-нан астам кәсіпкер кеңестік оқытудың арқасында жалпы сомасы 1 000 000 000 теңге мөлшеріндегі айыппұлдан құтылды. Бизнес-турға микро, шағын және орта бизнес өкілдері және бухгалтерлер мен компания иелері келді. Сарапшы кіріс және биылғы декларация есептері, бухгалтерлік есеп ерекшеліктері, шығындарды оңтайландыру және бизнесті бөлшектеу мәселесін жеңу әдістеріне арналған тренинг өткізді.

ДМИТРИЙ КАЗАНЦЕВ - САЛЫҚ САРАПШЫСЫ
Біздің міндетіміз - кәсіпте барлығы өзгеріп жатқанын көрсету және оған дайын болу керек екенін түсіндіру. Сондай-ақ, бизнесті бөлшектеу тақырыбын қозғаймыз. Өйткені, келесі жылдан бастап Қазақстанда салықтарды оңтайландыру үшін бизнесті бөлшектеуге тыйым салынады. Бүгінде статистика бойынша, әр компания өз кәсібін бөлшектейді. Мұның бәрін өзгерту үшін бізде алты ай бар. Кірістерді декларациялау тақырыбы да өзекті. Біз осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін нені ұмытпау керектігін, 2024 жылдың қорытынды есебін қалай тапсыру керек екенін де айтамыз.

Сарапшы 11 жыл уақыт ішінде бүкіл Қазақстан бойынша бизнес-тур ұйымдастырып келеді. Биыл бұл тур Bereke Business-тің қолдауымен өтуде. Bereke Bank - көп жылдық тарихы бар, қаржы көрсеткіштері бойынша еліміздің үздік он Банкінің қатарына тұрақты кіретін қазақстандық банк. Оның барлық депозиттері еліміздің депозиттерге кепілдік беру қорымен қорғалған.

ИЛЬЯ ХАН – «BEREKE BANK» АҚ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұл тур бүкіл Қазақстан бойынша 11-ші рет өткізілуде. Биылғы турдың бас серіктесі - Береке Банк. Мұнда 2025 жылға дейін салық салу және салық кодексіндегі өзгерістер тақырыбын қамтиды. Сонымен қатар, салықты қалай заңды түрде төмендетуге болатындығын көрсетеді. Шараға Семей қаласы мен Абай облысының кәсіпкерлері шақырылды

Дмитрий Казанцев сараптамалық біліммен қатар, тәжірибелік «лайфхактармен» бөлісті. Сондай-ақ, нақты ұсыныстар берді.

Қатысушылар мұндай кездесуге қуанышты болды. Кәсіпкер Дмитрий Бубенчиковтың айтуынша, ол бұл бизнес турға алғаш рет келген.

ДМИТРИЙ БУБЕНЧИКОВ - SOFTKEY ФИРМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Барлық тақырыптар толығымен ашылды және менің ойымша, мұндай іс-шаралар жиі өткізілуі керек. Біздің қалада Береке Банк өкілдерімен осындай ауқымдағы шаралар үнемі ұйымдастырылып отырады. Осы орайда, мен ұйымдастырушыларға шаһарымызға пайдалы болатын жаңа іс-шаралардың көп болғанын тілеймін. Бұл дегеніміз шағын бизнестің дамуына, аяққа тұрып кетуіне және табысты болуына көмектеседі.

Бизнес-тур Қазақстанның 18 қаласын қамтиды. Бүгінде еліміздің әр өңірінен 9 мыңға жуық адам қатысуға ынта білдірді. Тур 21 маусым күні Павлодар қаласында аяқталады.


АСЛАН ЕРТІСБАЕВ