Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басты міндеттерінің бірі - ішкі сауданы дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Мәселен, Семейде 2 базар жаңғыртылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды. Департамент қызметкерлері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстардың қорытындылары туралы айтып берді.

2024 жылы тұтынушылардан Департаментке 300 өтініш келіп түсті. Олардың көбі бөлшек сауда бойынша. Тұтынушыларға қайтарылған жалпы сома - 10,8 млн. теңге. Бұдан бөлек, сауда және интеграция министрлігі базарларды жаңғырту бойынша Жол картасын әзірледі. Бүгінде Абай облысының аумағында 22 сауда орны тіркелген. Оның 13-і Семей қаласында орналасқан. Жол картасына сәйкес, қаладағы Смокк және Мереке базары жаңғыртылмақ.

ЕРБОЛ ҚУАНЫШЕВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қаладағы 12 базар жаңғыру жұмыстарын жасау керек. 2025 жылдың 31 желтоқсанға дейін бұл жұмыстарды бітіру керек. Әйтпесе, олар жабылуға тура келеді. Модернизацияға байланысты үкіметтен қазір инвестиция ретінде кредит берілмекші. 3 жылға 8 пайызбен немесе 9 пайызбен 5 жылға.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында біртұтас және тиімді саясатты қалыптастыру басты міндеттердің бірі. Көбінесе олардың құқықтары азық-түлік емес тауарларды айырбастау және қайтару, сапасыз сатылған тауарлар бойынша бұзылады. Сонымен қатар, тұрмыстық қызметтерге қатысты – жиһаз, есік, терезелер жасау, жөндеуге қатысты. Соңғы кездері интернет саудаға қатысты шағымдардың саны артқан.

ҚАЛДЫГҮЛ РАЙЫМБЕКОВА – «ҚОРҒАУШЫ» ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҚБ ТӨРАЙЫМЫ
Негізі тұтынушы өзінің құқығы бұзылмауы басты назарда ұстау қажет. Тұтынушы қандай да бір зат сатып алғанда міндетті түрде фескальді чек талап ету керек. Немесе сауда жасаған кәсіпкерліктің нысанның ішінде сатып алғандығын айғақтайтын сурет, бейнежазба жасауға құқығы бар. Немесе куәгердің дәлелдуіне сүйенуге болады. Бұл кәсіпкерден зат сатып алғанда басты айғақ. Бұл тұтынушылардың қорғау туралы заңнын 18 бабы, 24 бабы, 23 бабында анық көрсетілген.

Айта кетерлігі, облыста азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын ұстап тұру үшін «үй жанындағы» дүкендерден базарлар мен ірі сауда нысандарына дейінгі бағаларды бақылайтын 152 мониторингтік топ қызмет атқарады. Биылғы жылдың 5 айында 57 кәсіпкерлік нысанына жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Қорытындысы бойынша 56 кәсіпкер Ішкі сауда саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


АСЛАН ЕРТІСБАЕВ