Қаламызда әнші, сазгер Кентау Назарбектің «Қазағым, жаса мәңгілік» атты ән-жинағының тұсаукесері өтті. Шарада дәстүрлі әндеріміз бен сазгердің шығармалары орындалды.
Кентау Назарбек 1965 жылы Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген. Жастайынан өнерге жақын болған. Әншінің 60-қа жуын туындысы бар. Кентау Назарбек – хакім Абайға арнап ән жазған тұңғыш сазгер. Сондай-ақ, сазгер-әншінің «Мен қазақпын», «Ұлы еліме», «Құралайым» , «Қайда кетіп барасың?!», «Үш бақытым», «Бүгін менің туған күнім ой, пәлі-ай» «Мен қазақпын», «Бір бәйтерек, бір шынар» сияқты т.б. әндері халық арасында кең таралған.
КЕНТАУ НАЗАРБЕК – ӘНШІ, САЗГЕР
Ең бастысы мынау есі кеткен заманда ескі әнді насихаттау болатын. Өйткені ұлттың ынжырғасы зарлаған дүниеден емес, рухты дүниеден көтерілсе, қазағымыз баяғы рухани құндылығын қайтарса деп жазылған дүниелердің бірі ғой. Соның бірі бүгінгі ән кеші, тұсаукесер кеші жақсы өтті маған өзіме ұнады.
«Қазағым, жаса мәңгілік!» атты ән-жинақ тұсаукесер кешіне жиналған қауым Кентау Назарбектің шығармашылығы өзіндік ерекшелікке ие екенін атап өтті.
АСХАТ ҚҰЛЫЙМАНОВ – ҚОҒАМДЫҚ ҚОР ТӨРАҒАСЫ
Кентау ағамыздың өз басын ғана емес жалпы мынау жасап жатқан дүниелері ол әндері иа мысалы үшін қазақ даласына керемет тәлім-тәрбие беретін, қазіргі таңда көп отабсыларда жетіспейтін дүниеге көзім жеткеннен кейін. Жалпы «Он жеті ақын» ққ тарапынан, өзімнің тарапымнан ағамызды қолдап қошеметтеп келген жайымыз бар.
Ел бойынша мәдениет саласында сазгердің тәлімін алған өнерпаздар жетерлік. Олар өз ұстаздарына өнер әлемінде қолдау көрсетіп, даму жолында берген іліміне шексіз алғыстарын білдіруде. Солардың бірі ҚР мәдениет саласының үздігі әнші Әлібек Ізбасар. Ол Кентау Назарбектің 45-ке жуық туындысын шырқаған.
ӘЛІБЕК ІЗБАСАР – ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Кентау ағамның елге берері өте көп. Бергені бір бөлек, ал берері әлі таусылмасын. Әр тақырыпқа сай жазған әндері тыңдарманның жүрегінен орын тауып, қазір кеңінен таралып жатыр.
Рухани кеште елімізге танымал әншілер, өнер ұжымдарының өкілдері сазгердің әндерін шырқады.
АРУЖАН ТАУБЕКОВА