«Қазақстан» РТРК АҚ Абай облыстық филиалының ұжымы арасында үстел теннисінен іріктеу жарысы өтті. Үздіктер ҚР Журналистер одағы Абай облысы филиалының ұйымдастырумен өтетін ашық чемпионатқа жолдама алды. Іріктеу ойындарына телеарнадан 10 үміткер қатысты. ҚР Журналистер одағының Абай облысы филиалы тілшілер қауымы арасында түрлі шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Бұл жолы БАҚ -ның алдағы кәсіби мерекесі қарсаңында үстел теннисінен облыстық ашық біріншілікке іріктеу жарысы өтті. Абай облыстық Семей телеарнасының ұжымынан 10 қызметкер қатысып, бағын сынады. Іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша 3 спортшы үздік нәтиже көрсетті. 3 орынды Дәурен Жомартов иеленсе, 2 орынды Денис Томозов қанжығасына байлады, ал топ жарып алға шыққан Азамат Кәлімбеков 1 орынды жеңіп алды. Енді осы үш үздік облыстық чемпионатта телеарнаның намысын қорғайтын болады. Журналист – сегіз қырлы, бір сырлы болуды талап ететін мамандық иесі. Телеарна салауатты өмір салты мен спортты телеэкран мен әлеуметтік желідегі арналары арқылы насихаттап қана қоймай, ұжым болып іс жүзінде көрсетіп жүр.

АЗАМАТ КӘЛІМБЕКОВ – ТІЛШІ
Біздің асыға күтетін бұқаралық ақпарат қызметтер күні, оның ішінде, өздеріңіз білетіндей, дәстүрлі түрде жыл сайын облыстық үстел теннисінен арнайы турнир өтеді. Бүгінгі өткізіліп жатқан шара сол турнирге іріктеу. Бүгін Семей телеарнасы ұжымының арасында 10-ға жуық қатысушы үстел теннисінен жарыс өтіп жатыр. Семей телеарнасы әрдайым спорттық іс-шараларды қолдайды, тек қана үстел теннисінен ғана емес, біз аптасына екі уақыт футболдан дайындықтар өткізіп отырамыз және аптасына бір рет үстел теннисі. Қызметпен қатар спортты да бірге алып жүреміз.