Семейдегі үй аулалары жаңартылып жатыр. Биыл да аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Қазіргі күні 15-шағын аудандағы 18, Крестьянская 43, 45, сондай-ақ Өтепбаев 3, 5, 7 мекенжайларындағы аулалар жөнделіп, балалар ойнайтындай жағдай жасалуда.

Аулалардың аумақтарын абаттандыру жұмыстарына жаяу жүргіншілер жолының плиткаларын ауыстыру, көшелерді жарықтандыру, футбол, спорт алаңдарын, шағын сәулет нысандарын орнату, гүлдер мен көшеттерді отырғызу кіреді. 15 шағын аудандағы 18 -ші үйдің ауласы да биыл тізімге енген үйлер қатарында бар.

ЕРАСЫЛ ШӘКЕНОВ АБАТТАНДЫРУ СЕКТОРЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Аталған аумақтағы үйде балалар сырғанақтары, орындықтар, әткеншектер және лабиринттер болады. Балалар кез- келген уақыттай ойнай алады. Алаңның бір бөлігінде балаларға арналған спорттық жаттығу құралдары орнатылады. Осы үйдің екінші бөлігінде спорт алаңы орнатылады. Онда гимнастикалық кешендер мен тренажерлер болады.

Қалада тозған аулалар аз емес. Биыл жаңарту жоспарланып, бюджеттен 46 ауланы жөндеуге қаржы бөлінген. Оның ішінде 14 аула, 4 қоғамдық кеңістік бар.

САМАТ РАМАЗАНОВ МЕРДІГЕР
Бізде бірнеше бригада бар, бір бригадада кемінде он адамға дейін жұмыс істейді. Яғни, әр аулаға тротуарлар орнатылады, сондай- ақ көгалдар мен ойын элементтері болады. Келісімшарт бойынша мерзім қараша айының соңына дейін. Бірақ біз бұл жұмыстарды жақын арада, яғни екі ай мерзімінде аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Қазір жөндеу жұмыстарының қызған шағы. Ауа райы да қолайлы. Мердігерлер өздеріне бекітілген аумақтағы жұмыстарды жоспарға сай мерзімнен қалдырмай тапсырмақ.


ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ