Ерекше балаларды қолдауға арналған республикалық «Жұлдыз-ай» балалар шығармашылығының байқауы биыл да ұйымдастырылды. Өнер сынына қатысқан облысымыздың өнерпаздары жүлделі оралды.

Астана қаласында «Жұлдыз-ай» 19-шы республикалық балалар шығармашылығына арналған байқау өтті. Аталған фестивальде облысымыздың намысын қорғаған Абай облысының өнерлі оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

АЙНҰР ҚАСЫМБЕК ҚОРҒАНШЫЛЫҚ-ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
АБАЙ облысының ерекше білім беру қажеттіліктері оқушыларына арналған №3 №4 мектеп интернатының және қолдау орталығының өнерлі оқушылары АБАЙ облысының намысын қорғап вокал, вокал сола, хориография, аспаптық орындау номинациялары бойынша ЖҰЛДЫЗАЙ 2024 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ шығармашылық фестивальнда 1 2 3 жүлделі орындарға ие болды. Аталған жеңіпаз оқушыларымыз ағымдағы жылдың Астана қаласында КАЗМЕДИЯ орталығында ҚАЗАҚСТАН эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала концертке қатысып , өз өнерлерін көрсетті.

Вокал аталымы бойынша № 3 арнайы мектеп-интернатының «Непоседы» вокалдық тобы І орын; вокал-соло аталымында №3 арнайы мектеп - интернатының оқушысы Даулет Сымағұлұлы – ІІІ орын, хореография бойынша Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының хореографиялық дуэті ІІ орын және № 4 арнайы мектеп-интернатының «Аққу» студиясы ІІІ орын иленді. Аспаптық орындау – соло номинациясы бойынша № 3 арнайы мектеп-интернатының оқушысы Кәусар Тілекқызы ІІ орын; Аспаптық орындауда № 3 арнайы мектеп-интернатының «Сұлу саз» фольклорлық ансамблі – І орындарды еншіледі.

ҚАРЛЫҒАШ СЕЙФУЛЛИНА «СҰЛУ САЗ» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
ЖҰЛДЫЗАЙ корпаративы қоры биылғы жылы 20 жылдығын атап өтті. Ооның ішінде ЖҰЛДЫЗАЙ фестивальнің өзінің 19 фестивальна қатысып қайттық. Бұл жерде алғаш фестиваль ашылған жылдары 75 бала ғана қатысқан болса, бүгінгі таңда 10000 бала қатысып отыр. Соның ішінен 280 бала жаңағы РЕСПУБЛИКАЛЫҚ конкурсқа өтті. Бізде СҰЛУ САЗ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБІЛІ 2018 жылы гран при алған болатын. Біздің балалар бұл конкурсқа жылда қатсады. Осы конкурста жүріп өздеріне жаңа достар тапты, өздерінің қорқыныштарын жойды, үлкен- үлкен сахналрға шығып үйренді.

Сайысқа облыс атынан 29 өнерпаз барды. Солардың ішінде Айзере Серікжан байқаудың жоғарғы деңгейде өткеніне риза.

АЙЗЕРЕ СЕРІКЖАН БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
осы ЖҰЛДЫЗАЙ фестивальіне жыл сайын қатысып үнемі жүлделі орындар алып келе жатырмыз фестиваль өте қызықты. өзімізді жан-жақтан көрсетеміз. Біздің мүмкіндігіміз шектеулі болғандықтан біз осы ЖҰЛДЫЗАЙ фестивальна өте қатты ризамыз, себебі біз өзімізді жан жақтан көрсете аламыз жәнеде әртүрлі жұлдыздармен танысамыз. Дайындықтар күнде-күнде болады. Қыдырамыз өте күшті керемет болып өтеді.

Айта кетейік, жеңімпаздар қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен сахнада Гала-концертке қатысуға мүмкіндік алды.


АРУЖАН ТАУБЕКОВА