АЙДАР САДЫРБАЕВ – АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Семей қаласының орталық алаңында өткен шарада облыс және қала басшылығы,
мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мәдениет және спорт саласының мамандары, студенттер және басқа да қала тұрғындары қатысты. Олар еліміздің әнұранын бірге орындап, бірлік пен мақтаныш сезімін тудырды. Сонымен қатар әскери оркестр музыканттарының орындауында патриоттық әндер айтылды.
ОРАЛ ШӘРІПБАЕВ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Бүгінгі өтіп жатқан іс-шарамыз – мемлекеттік рәміздер күні. Бұл тарихымыздың күні. Ең бастысы - тәуелсіздіктің тірегі, халқымыздың жүрегі, жастарымыздың рухы, осы мәңгілік елдің саясатын дамытатын рәміздеріміз бүкіл әлемге танытып жатқан рухымыз осы рәміздер болатын.
МҰРАТКАЗЫ АЛИН - АБАЙ ОБЛЫСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Мемелекеттік рәмізіміз өзінің асқақтап тұра берсін, біз сол көк тудың астында жайқалып жүре берейік. Халыққа амандық, елге тыныштық, саулық тілеймін.
Біздің қаламызда жыл сайын ауқымды патриоттық флешмоб ұйымдастырылады. Бұл күні жастар арасында тақырыптық көрмелер, челлендждер және басқа да іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. Олар өскелең ұрпақтың бірлік рухын және патриоттық сезімін нығайтуға мүмкіндік береді.
АРУЖАН ТАУБЕКОВА