Облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, 2023 жылы Абай облысы бюджетінің орындалуы, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және тағы да басқа мәселелер қарастырылды. Облыстық қоғамдық кеңестің отырысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасады. Қала басшысы автобус аялдамаларының жөндеу жұмыстары жайында сөз қозғады.

НҰРБОЛ НҰРСАҒАТОВ –СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Осы байқау аясында жақын арада 100 автобус аялдамасын орнату жоспарлануда. Жаңа аялдама павильондары көшенің сыртқы түрін өзгертуге және қала тұрғындары үшін автобус күтуді ыңғайлы етуге көмектеседі. Бүгінгі таңда біздің жалпы тапшылығымыз 180 аялдама алаңын құрайды. Олардың 100-ін биыл аяқтаймыз. Келесі жылы біз 100 пайызды қамтамасыз етеміз. Бұл жаңа аялдама кешендеріне ғана емес, ескі аялдама кешендерін ауыстыруға да қатысты.

2023 жылғы Абай облысының бюджетінің орындалуы жайлы Абай облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары Гүлфайрус Серікболова баяндады.

ГҮЛФАЙРУС СЕРІКБОЛОВА – «АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ» ММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
есепті кезеңде барлығы төмен тұрған және жоғары тұрған бюджеттерден 329 млрд теңге көлемінде трансферттер түсті. Өткен жылы бізде Жарма ауданы бойынша 709 млн теңге көлемінде бюджетке қаржы түспей қалды. Жарма ауданы бюджетінің кіріс бөлігінің түспеуіне байланысты бізге бұл қаржылар жетпеді. Облыстық бюджет мәслихат сессиясының шешімі негізінде 2022 жылғы 14 желтоқсанда 23-25 жылдарға бекітілді. Өткен жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға облыстық бюджеттен барлық 343 млрд теңге жұмсалды. Қаражат 99,9% игерілді.

2021 жылдан бастап әділ салық салуды қамтамасыз ету мақсатында – жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Абай облысының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының айтуынша, бірінші және екінші кезеңдердің қорытындысы бойынша декларацияның 250-ші және одан кейінгі 270-ші нұсқасын ұсынбаған жеке тұлғалар бар.

РУСЛАН ДАНИЯРОВ - АБАЙ ОБЛЫСЫ МКД БАСШЫСЫ
Бірінші және екінші кезеңнің қорытындылары бойынша бүгінгі күні 250 және 270 нұсқаларындағы декларацияны өткізбеген адамдар бар. Бүгінгі таңда біз әкімшілік жауапкершілікке тартылған 3889 адамдармен жұмыс істедік.

Қатысушылар қоғамдық кеңес отырысының соңында әр саланы дамыту жөніндегі алдағы жоспарды талқылап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.


СҰЛТАН ЖОЛАМАНОВ