Қаламызда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі «Алаш құрбандары» тақырыбына арналды. Танымдық дәрістің өтуіне облыстық тәрихи-өлкетану музейі ұйытқы болды. 31 мамыр - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл дата 1997 жылы бекітілді. Сол кез жазықсыз жапа шеккен отандастарымызды ақтауға арналған жұмыстардың бастауы болды. Музейде өткен танымдық дәірісте саяси қуғын-сүргін құрбандарының жазықсыз жалаға ұшырауы мен олардың отбасының көрген қиындығы, сол жылдардағы тұрмыстық қиыншылықтар, елдегі ауыртпашылықтар төңірегінде біршама мәліметтер айтылды.

МАДИЯР ЗАКИМОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖЕТЕКШІСІ
Қуғын-сүргіннің басталу тарихы, оған қатысты құжаттар қаулысы жиналыстар. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов, Алаш арыстары, ұлт зиялылары Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы тағы да басқа тұлғалардың еңбектерін атап өттік. Шараның басты мақсаты жастардың арасында патриоттық сезімді ары қарай дамыту, еліне отанына деген сүйіспеншілікті арттыру сондай басты мақсаттар көзделген.

Бас қосуда прокуратура өкілдері де пікір алмасып, оқушыларға дәріс оқыды. Танымдық жиынға қатысқан оқушылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

АЛТЫНАЙ ТОЙКЕЙЕВА – ОҚУШЫ
Біз Семей қаласындағы Өлкетану музейінде 31 мамырға арналған саяси қуғын-сүргін тұлғаларын еске алуға келдік. Яғни Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және де тағы басқа зиялы тұлғаларды еске алып, өте көп ақпарат алдық. Бұл дәрісте біз патриоттық сезімге баулу және де отансүйгіштікті көрсетуді үйрендік.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қазақ халқы үшін айрықша маңызға ие. Жазықсыз құрбан болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну - бүгінгі ұрпақ парызы.


АРУЖАН ТАУБЕКОВА