«Бестемше» қазақтың ұлттық ойынынан Абай облысының ашық біріншілігі өтті. Жарысты «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» мен «Семей қаласының білім бөлімі» ұйымдастырды.
«Бестемше»- қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Тоғызқұмалақ ойынына ұқсас. Арнайы тақтада екі ойыншы ойнайды. Ойын тақтасы- 2 қазан, 10 отау, 50 тастан тұрады. Ойын барысында әр ойыншыға бес отауға бес- бестен салынған жиырма бес тас тиесілі. Бестемше ойыны– математикалық есеп ойыны. Жүрістерді алдын-ала ойлау, есептеу – оның негізгі өзегі. Сондықтан ойынды ойнау барысында ойынға қатысушының стратегиялық және жүйелі ойлау қабілеті шыңдалады.
АЙЖАН ЖҰМАҒҰЛОВА ОБЛЫСТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ -ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Біздің қатысушылармыз өздерінің осы Бестемше ойынындағы тәжірибесімен бөліскелі отыр. Бұл жарысқа олар үлкен дайындықпен келіп отыр. Өйткені, өткен жылдан бастап осы Бестемше ұлттық ойыны әр балабақшада өз орныны тауып келе жатыр. Бұл Бестемше ұлттық ойыны балаларлың логикалық есеп құруға және мныа коммуникативтік, зияткерлік қабілеттерін дамытуға арналған ұлттық ойынымыз.
Жарыс білім беру мазмұнын жаңарту мен жетілдіруге арналған. Сайысқа мектепке дейінгі мекемелердің дене шынықтыру нұсқаушылары, тәрбиешілері мен педагогтері қатысты. Бүгінде «Бестемше» ойыны Абай облысының мектепке дейінгі ұйымдарында кеңінен тарап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін жарыстар жүйелі түрде өткізілуде.
САЯХАТ МҰХТАРОВ БАС ТӨРЕШІ
Облыстық жарыс өтіп жатыр. Балабақша нұсқаушыларына көп рақмет айтқым келеді. Осындай ұлттық ойынымызды дәріптеп, алға насихаттап жатқанына. Жалпы осы ұлттық ойынымызды дәріптеу арқылы біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды ары- қарай дамыту арқылы, балалардың жадына сіңіру арқылы өзімізді дамытамыз деп ойлаймын.
Жарысқа Абай, Ақсуат, Аягөз, Жарма аудандары мен Семей қаласынан 10 команда қатысты. Бұл зияткерлік ойынды тарату мен дамытудың мүмкіндігі де, маңызы да зор. «Бестемшені» әсіресе балабақшалар мен бастауыш сыныптарға кеңінен насихатаудың арқасында баланың арифметикалық қабілетін ашып, зердесін шыңдауға болады.
АЙҒЫЗ КӨШКІНБАЕВА ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Жарыс өте жоғары деңгейде басталып жатыр, өте жоғары деңгейде өтеді деген ойдамын. Бұл жарыстың пайдасы ұлттық ойындарды санамызға сіңіру. Ең бірінші педагогтарды үйретіп, тәжірие таратып, одан кейін балабақша балаларына үйрету мақсатында ұйымдастырылып отыр деп ойлаймын.
Әрбір ойынның мән- мағынасы терең екені сөзсіз. Мәселен, «Бестемше» адамның ой-өрісін, қол моторикасын, зияткерлік шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бүгінде осы ойындарды қолданысқа қайта енгізіп, жаңғыртудың маңызы өте зор болмақ.
ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ