Ақсуат ауданы, Сәтбаев ауылдық округіндегі «Алтын-Алтай» шаруа қожалығында тамшылатып суғару технологиясы енгізілген. Технологиямен жан-жақты танысу мақсатында аудандық семинар өтті. Оған аудандағы шаруашылық иелері мен ауыл әкімдері, ауылшаруашылығы мамандары қатысты.

Тамшылатып суғару – өсімдіктің тамырына суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды дәл әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс. Суғарудың мұндай түрі суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Семинар барысында осы тәсілді жолға қойған шаруашылық тәжірибесі таратылды.

ҚАЙРАТ МАУАДИНОВ АҚСУАТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Енді «Алтын- Алтай» шаруа қожалығы осы жақта өсімдік өсірумен айналысатын қожалық. Биылғы жылы жалпы қожалықтың 1000 гектардай суармалы жері бар. Осы 200 гектар жеріне тамшылатып суару қондырғысын енгізіп отыр. Өйткені бұл үлкен жоба. Ақсуат ауданында алғаш рет жүзеге асып жатыр. Келешекте бұл жоба жалағасын табады деп отырмыз. Өйткені , кейбір шаруа қожалықтары үлкен қызығушылық танытып, инвестор тартуда. Өйткені, бұл бізге келіп жатқаннан кейін Ақсуат ауданына үлкен инвестиция.

Тынай Қуанған «Алтын-Алтай» шаруа қожалығының иесі. Семинарға қатысушыларға тамшылатып суғару технологиясының барлық артықшылықтарын жан- жақты түсіндірді. «Алтын-Алтай» шаруа қожалығына 1500 гектар егістік жері тиесілі болса, әзірге оның тек 200 гектарына ғана тамшылатып суғару әдісі қолданылады.

ТЫНАЙ ҚУАНҒАН «АЛТЫН-АЛТАЙ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ
Біз енді міне биыл осы тамшылатып суаруды орнатып, қолға алғанбыз. Көптен бері жерімізге тамшылатып суару тәсілін орнатсақ деген арманымыз болатын. Тамшылатудың пайдалары өте көп. Бір жағынан адам үшін үнемдейді, өнімді арттырады, ешқандай жеріңіз ысырап болмайды, тұнық сулы өнімнің өзі шығады. Міне сондай жақсы дүние. Бүгін аудан басшылығы ұйымдастырып іс- шара, семинар өткізіп жатыр.

Аудан әкімінің тапсырмасымен ұйымдастырылған ашық аспан астындағы жиын көпшіліктің ерекше қызығушылығын туғызды.

БАҒДАТ САҒЫНАЕВ КӨКЖЫРА ӨНДІРСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Осы бүгінгі мына ауданымыздағы жаңа технологияны қолға алу шарасы басталғанына біз қуаныштымыз. Өйткені, осы іргеміздегі Тынай азаматтан естіп менде сол ҚХР азаматтарымен хабарласып жатырмын. Алдағы уақытта жоспарымыз бар. Бізде сол тамшылатып суаруды қолға алуымыз керек. Өйткені ол заман талабы.

Тамшылатып суғару технологиясының пайдасы зор. Бұл әдіс судың ысырап болмауына, мол өнім алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар топырақ эрозиясының алдын алып, арамшөптің таралуына жол бермейді.


ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ